Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым менікі емес, әйелім жездесімен кездесіп жүр": Алматы облысының тұрғыны ДНҚ сараптамасын жасатты

Алматы облысының тұрғыны Ғалымжан есімді азамат өз әйелінен күдіктеніп жүр. Ұлымның әкесі мен емеспін деген ол отбасылық мәселесін көпшілік алдында талқылады. ДНҚ сараптамасын жасатып, шындығында баланың әкесі кім екенін анықтап көрді. 

Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасында айтылды. 

Ғалымжан есімді азамат 29 жасында отбасын құрады. Өзінен бір жас үлкен Бағила есімді арумен бас қосады. Көп ұзамай балалы болады. Алайда бала өмірге келген сәттен Ғалымжанның күдігі басталады. 

"Бағила екеуміз 16 қыркүйек күні үйлендік. Ол үйленейік деп мені асықтырды. Қазір ойласам, жүкті екенін білгендіктен солай жасаған шығар. Келген күннің ертесіне ол жүрегі айнып құсып жүрді. Арада он күн өтпей жатып Бағиланың жүкті екенін білдік. Екі аптадан соң тест арқылы шынында да жүкті екеніне көзіміз жетті. Босанғанда 38 апта деген еді. Ал акушер баланың 42 аптада туғанын айтты. Содан менің күдігім басталды", - деді ол.

Бағиланың өз айтары бар. Ешкіммен кездескен емеспін деп ақталды.


20 жастағы шымкенттік қыз: Әйелі өзінің 55 жастағы күйеуімен он күн бойы төсектес болуға мәжбүрледі


"Менің ұлымның әкесі Ғалымжан. Ешкіммен кездескен емеспін. Ол маған жала жауып отыр. Балаға алимент төлемеу үшін жала жауып отыр. ДНҚ арқылы сараптама жасатып, дәлелдеуге дайынмын", - деді баланың анасы.

Бағила мен Ғалымжан ресми түрде ажырасып кеткен. Әрсен анасымен бірге тұрып келді. Қазір 4 жаста. 

Ғалымжан бұрынғы әйелін жездесімен көңіл қосты деп күдіктенеді. Себебі ол үнемі жездесімен бірге қыдырып жүреді екен.

"Таныстарым Бағиланың жездесімен бірге жүргенін көріпті. Көлігінің алдына отырып алады екен. Бір күні бетінен ұрып жібергенін білдім. Не үшін жездесі балдызын ұрады?", - деді Ғалымжан.

Бағила мен әпкесінің айтуынша, ерлі-зайыптылардың жанжалының арасына Бағила кіріскенде кездейсоқ соққы алған. Оны жездесі де, әпкесі де, Бағиланың өзі де растап отыр. 

Бағдарлама соңында баланың әкесінің кім екені анықталды. Бағиланың жездесі Қайраттың ұлы мен кішкентай Әрсен екеуінің қан ұқсастығы , Ғалымжан екеуінің ДНҚ сараптамасы белгілі болды. 

Сараптама нәтижесінде Ғалымжанның Әрсеннің әкесі екеніне 99,6 пайыз кепілдік берілді. 

Өз әйелінен күдіктенген Ғалымжан бұл үшін әйелінен де, оның отбасынан да кешірім сұраған жоқ. Әрсенді құшақтап, көзіне жас алды. 

Талқылау