Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Ұлыбританияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны қателіктер орын алып, бостандыққа шығып кеткен педофилді ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балаларға қарсы зорлық әрекетін жасаған Валериус Гордиджс есімді қылмыскер 18 қараша күні белгісіз себептермен ботсандыққа шығып кеткен көрінеді. Артынша 46 жастағы бұл азаматқа іздеу салыныпты. Полиция қызметкерлері тұрғындардан қылмыскерді көрсе, оның жанына жоламай бірден тәртіп сақшыларына хабар беруді сұрапты. 

Келесі күні жергілікті тұрғындардың бірі Грэхем Лэмб автобусте кетіп бара жатқан шағында қылмыскерді оның көз астындағы тыртығын көріп, танып қояды. 

«Мен Facebook желісінен педофилдің бостандықта жүрген туралы хабарды көрген болатынмын. Алдыма қарасам, қылмыскер маған қарама-қарсы отыр екен. Желідегі суретті көріп, оны бірден таныдым», - деді Лэмб.

Лэмб суретті автобус жүргізушісіне көрсетпекші болғанын біліп қойған қылмыскер қаша жөнелген. Оның бұл қылығына саспастан Грэхем Лэмб артынан қуып, бостандықта жүрген педофилді өз күшімен ұстап, полицияға хабар беріпті. Полиция оқиға орнына бірден жеткен көрінеді. 

Тәртіп сақшылары қылмыскерді тұтқындаған соң қайсар ер азамат оның жанында тұрып селфи жасапты. Лэмб педофилдің түрмеге қамалуының дұрыстығын, ендігәрі ол балаларға қарсы қылмыс орындай алмайтынына қуанышты екендігін қосты. 

Бұған дейін прокурор педофилді ұстау үшін өз қызын жемтік ретінде пайдаланғаны айтылған еді.

Талқылау