Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰҚК: Қазақстандық танымал ғалым мемлекетке сатқындақ жасады деген күдікпен тұтқындалды

Қазақстандық танымал ғалым, Қытайды зерттеуші Константин Сыроежкин тұтқындалды. Ол мемлекетке опасыздық жасады деп күдіктеліп отыр.

ҰҚК: Қазақстандық танымал ғалым мемлекетке сатқындақ жасады деген күдікпен тұтқындалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамыр айының басында БАҚ-та Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Константин Сыроежкиннің қазақстандық арнайы қызметтермен тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде ол тыңшылық жасаған деп топшыланған. 

Артынша Қазақстанның ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері ашық хат жазып, аталған ақпаратқа байланысты алаңдаушылық танытты. Олар билікке жүгініп, құқық қорғау органдарына Сыроежкинмен болған жағдайды жария түрде түсіндіруді тапсыруды,  ал аталған ақпарат расталған жағдайда, істің тергелуін жеке бақылауына алуды сұрады. 

«2019 жылдың 15 қаңтарында ҚР ҰҚК 1956 жылы туған азамат Сыроежкин Константин Львовичке қатысты ҚР ҚК 175-бабы 1-тармағына (Мемлекетке опасыздық жасау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 19 ақпанда Алматы қаласының тергеу сотының шешімі бойынша тұтқынға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдалды», - делінеді ҰҚК хабарламасында. 

Ведомсвтодағылар қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Қазақстан преиздентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының сайтында 62 жастағы Сыроежкиннің 2006 жылдан бері ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеп келе жатқаны жазылған.

Сыроежкин – көптеген кітаптардың авторы. Орыс, ағылшын, қытай тілдерінде мыңнан аса мақала жазған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр