Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҰБТ - Ұлы Отан соғысы": Ерғали Әбдірайымов мектеп бітірген қызы туралы айтты

Ерғали Әбдірайымов мектеп бітірген қызы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл мектептен түлеп ұшып, үлкен өмірге аяқ басқан Ерғали Әбдірайымовтың қызы Аяулым Әбдірайымова сынақтан сүрінбей өтіп, ата-анасының үмітін ақтаған. Осылайша ару туғандарын бір марқайтып тастаған көрінеді. Бұл жайлы продюсердің жары Гүлсара Әбдірайымова желідегі парақшасында жазды.

"Алтын белгіңді ақтап шыққан күніңмен, алтыным! Атқарған адал еңбегіңнің, "инемен құдық қазғандай" жинаған біліміңнің, табандылығыңның нәтижесі екенін өзің және біз, жақындарың ғана нақты білеміз әрі куәгері болдық! Жеңістерің көп болсын! Үмітімізді ақтадың! Шын мәнінде, жүрекке сыймайтындай мақтаныш пен қуаныш сезімі болды, түлек үшін де, ата-ана үшін де үлкен сынақ екен", - дейді ол.

Бұл жазбаны Ерғали Әбдрайымов та өз парақшасында бөліскен. Түлектерді көріп жаны ашып, жүрегі ауырған өнер иесі ең бастысы - өзіңе деген сенімділікті жоғалпау екенін айтты. Осылайша, Ерғали Әбдірайымов пен жары қыздарына үлкен өмірде сәт сапар тілеген.

"Бір бағдарламада ҰБТ-ны Ұлы Отан соғысымен салыстырып әзіл айтқанын естіп күліп едім. Шын мәнінде оңай емес екен. Бүгін бір жағында жақсы балл алып қуаныштан жүректері жарылып жатқандар болды, сонымен қатар сәтсіз тапсырған, жылап жүрген түлектерді де көріп, жүрек ауырды. Жастардың болашағы алда ғой, шынайы оқимын деген балаға мүмкіндік табылатыны сөзсіз, соған сенімдімін! Барша түлектерге сәттілік, ең бастысы, өзіңе деген сенім жоғалмау керек!" - деп жазды олар.

Талқылау