Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Яндекс" Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің айыптауларына қатысты пікір білдірді

Yandex Go компаниясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің айыптауларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тергеуді кейінге қалдырды деген айыптарды негізсіз деп санаймыз. Шағымданған нақты өтінішке келетін болсақ, біздің компания сотқа шағым түсіріп қойған - бұл өтініштің өзі заңсыз, өйткені ол компанияға қатысты тоқтатылған тергеуді қайталайды, сонымен қатар, Алматы қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан бірқатар заң бұзушылықтар орын алды.", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Компания дайындық пен тергеудің бір бөлігі ретінде агенттіктен және оның бөлімшелерінен көптеген ресми сұраныстар алғанын айтты.

"Уақыттың тығыздығына және деректердің үлкен көлеміне қарамастан, біз сұралған барлық ақпаратты жібердік. Тергеуді заңсыз деп санайтынымызды тағы да ескертеміз. Жақында сот біздің ұстанымымызды қолдап, тергеу кезеңінің көп бөлігін заңсыз деп таныды. Біз өз позициямызды қорғауды жалғастырамыз", - деді "Yandex Go".

 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 19:53