Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Я дабыл соқпады, я 4-5 сағат көмекке келмеді": Арыс тұрғындары ренішін жеткізді

Арыс қаласының тұрғындары жарылыс болғаннан кейін бірнеше сағат бойы бас сауғалап, жаяу жүруге мәжбүр болғанын айтты. Осы орайда, олар жұмысқа кірісіп, етек-жеңін жиғанша банктегі несиелерінің үстіне пайыз қосылмауын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстағы жарылыс

«Бүкіл Арыс халқының несиесі бар. Ең болмағанда соның процентін тоқтата тұрсын. Есімізді жинап, айлық алғанша проценті ойналмасын. Несиеден ешқандай қашпаймыз. Проценті ойналмасын, өтініш. Қазір ешкім несиені ойлап жатқан жоқ. Әркім өз бала-шағасымен, тұрымтай түсімен болып жатыр.

Әрқайсысы өзін зорға тауып жатыр халық. Қазір барлық елдің басында несие бар. Сол несиені тоқтатсын, ең болмаса. Ол да көмек қой. Қала астында қаншама қару бар. Соның бәрін біледі. Дайын тұрулары керек еді», - дейді тұрғындардың бірі. 

Тағы бір тұрғын бірден көмек келмегенін айтып налыды. Сондай-ақ, биліктен несиеге жеңілдік жасауға көмек сұрады. 

«Кез келген банк процентті ойнатпасын, халықты шулатпасын. Онсыз да халық шулап жүрміз. Қалтамызда бір тиын жоқ. Айлық алған жоқпыз. Қазір күніне ойнаса, бәлендей процент шығады. Мемлекет тарапынан бізге көмек керек. Халық оны ойлап жатқан жоқ, халық басымен қайғы. Я дабыл соққан жоқ, я 4-5 сағат көмек келмеді. Неге?

Қасында сонша аудан, облыс, Шымкент қаласы тұр. Жақын тұрып көлік, автобус жібермеді. Неге шұбырып 5 сағат жаяу жүрдік? Мұндай жағдайға дайын емес екен. Халық жоқ болып кетуге сәл-ақ қалды ғой. Құдай сақтады», - дейді тағы бір тұрғын. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 26 маусым күні, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма бергені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау