Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

WhatsApp ереже бұзған пайдаланушыларын сотқа беретінін мәлімдеді

Танымал WhatsApp мессенджері сайттың жаңартылған бөлімінде жазылған қауіпсіздік туралы қолданыстағы шарттарды бұзғандықтан пайдаланушыларды сотқа беруге дайын екенін мәлімдеді.

WhatsApp ереже бұзған пайдаланушыларын сотқа беретінін мәлімдеді

"2019 жылғы 7 желтоқсаннан бастап, WhatsApp компаниясы қызмет көрсету шарттарына қайшы келетін заң бұзушылықтарға бастайтындарды немесе сол іске көмектесушілерге шара қолданады", - делінген хабарламада.

Компания заң бұзушылықтардың тізбесіне автоматтандырылған немесе жалпыға таратылған хабарламалар, сондай-ақ жеке басына қажетті емес мақсаттарға арналған бағдарламалардың жататынын атап өтті.

Сонымен қатар, WhatsApp заң бұзушылықтарға баратындарды мессенджер сыртынан да іздейді. Мысалы, әлдебір компания WhatsApp пайдалану шарттарын бұзатынын көпшілікке жариялаған жағдайды айтуға болады.

Айта кету керек, компания WhatsApp пайдаланушылары арасында ақша аударымын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл мүмкіндік қазірдің өзінде Үндістанда сынақ режимінде пайдаланылуда.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр