Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вирусолог жағажайда COVID-19 жұқтыру қаупін бағалады

Ресейлік вирусолог жағажайда коронавирусты жұқтыру мүмкіндігін бағалап, адамдарды демалыс кезінде немқұрайлы болмауға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап Stan.kz.

Вернадский атындағы Қырым федералды университетінің биохимия кафедрасының доценті Владимир Оберемок атап өткендей, ыстық ауа райында ультракүлгін күн сәулесі ауадағы вирустық бөлшектерді "бірнеше ондаған секунд" ішінде өлтіреді.

"Егер жағажайда науқас адам сізбен тығыз қарым-қатынаста болмаса, ондай жағдайда ауырып қалу мүмкіндігі өте аз", - деді ол.

Сонымен қатар, вирусолог, бұлтты ауа райында жұқтыру қаупі айтарлықтай артады. "Сондықтан алдын алу шараларын елемеудің қажеті жоқ", - деп атап өтті ғалым, аурудың алғашқы симптомдары кезінде қажет болған жағдайда емдеуді ертерек бастау үшін адам бірден диагностикадан өту керек екенін атап өтті.



Ал Сеченов атындағы бірінші МГМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Виталий Зверев ыстық ауа-райы коронавирустың белсенділігін төмендетпейтінін, ал ультракүлгін сәуленің зиянды әсері қайта бағаланатынын мәлімдеген.

Ғалым жұқтыруды алдын алу үшін бірінші кезекте әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін айтқан, өйткені инфекция көбінесе адамнан адамға ауа-тамшы жолымен жұғады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр