Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсіресе жаңа туған сәбиі барлар қиналуда: Арыстықтар қыс басталмай жатып тоңып отырғанын айтты

Арыс қаласының жаңадан салынған үйлерінде тұратын тұрғындар жылудың қайда кетіп жатқандығын білмей бастары қатуда. Түркістан облысының жылыту маусымы қазан айында басталған екен, ал жаңа үйлеріндің жылу батареялары қызбақ түгел жылымайды да екен. Сол себепті адамдар өз баспаналарында сырт киіммен жүруден басқа амалдары жоқ екенін айтып наразы, ал тұрғын үйге жауапты коммуналды қызмет өкілдері жылу өз деңгейінде таралып жатқандығын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 


Суық үйде тұратын жас ана Мадина Сейілханның сөзінше, жаңа туылған сәбиін мына суықта жаурап, ауырып қалмауы үшін ұйықтайтын бөлмеге электр қуатымен жылынатын құрылғыларды аямай қосады екен. Ал басқа екі баласын ата-анасының үйіне жіберген екен. 

«Бөлме батареялары ешқашан жылымайды, сол үшін үйді электр көп жейтін жабдықтармен тура келіп отыр. Бұны қосқан үшін электр жарығына төленетін ақы да көбейіп кетті. Енді не істейміз, басқа амалымыз жоқ», - деді Мадина Сейілхан. 

Мұндай мәселеге бірнеше көп қабатты үйлердің тұрғындары тап болыпты. Айтуларынша жылуы жоқ үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған екен. 

Қаланың жылу беруші тараптың айтуынша жағдай олардың тарапынан орын алмаған. Сөзінше, бұл көп қабатты үйлердегі жылу циркуляциясы дұрыс құрастырылмаған екен. 

Ал мәселеге айналған үйлердің құрылысына жауапты болған Арыс қаласының құрылыс бөлімінің қызметкерлері тұрғындар бұған дейін жылу беру жағдайы туралы шағымданбаған. Ал үйлерді жылыту жүйесі арнайы мамандардың қорытындысына сәйкес келген.

Бұл дауды шешу үшін қала билігі арнайы комиссия құрмақшы. Олар үйлердің жылыту жүйесін тексеріп, одан ақау тапса, бұл мәселе бірден шешіледі деп сөз берді.   

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қылмыстық ортада беделді "Жабайы Арман" желіде челлендж бастады (видео)

Флешмобты кейбір танымалдар да қолдаған сияқты

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алған

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қазақстан полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

"Қол астындағы қызметкерім үшін кешірім сұраймын": Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды

Ақтөбеде қызметкер қарттар мен мүгедектердің банктік карталарынан ақша шешіп отырған

Әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кірген
Çàãðóçêà...