Соңғы жаңалықтар

"Үйлену тойында зорланғанын айтты": 14 ер адам жабылып зорлады деген қыздың оқиғасының мән-жайы

Қостанай облысында 14 ер адам зорлады деген қыздың ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты. Облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов істің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция басшысының сөзінше, жас қыз өзін тойда 14 ер адам зорлағанын айтқан. Алайда той қонақтары қыздың денесі жарақаттанып, киімі жыртылғанын көрмепті.

«Қыз үйлену тойына қонақ болып барған. Артынша ол өзінің сыртқа шыққан кезде зорланғанын айтты. Алайда бұл туралы арада 8 ай өткеннен кейін мәлімдеді. Біз той қонақтарынан жауап алып, қыздың денесі жарақаттанып, киімі жыртылғанын көрген-көрмегенін сұрадық. Олар «жоқ» деп жауап берді. Айтуларынша, ол тойда көңіл көтеріп, тамақ жеп, билеп жүрген. Сонымен қатар медициналық көмекке жүгінбеген», - дейді Бекет Аймағамбетов.

Жас қыз өзін зорлаған 13 адамның атын атады. Алайда 14-інші ер адамды есіне түсіре алмапты. Бүгінде баланың әкесін анықтау үшін,  13 ер адам ДНҚ сараптамасынан өткен. Бірақ сараптама теріс нәтиже көрсетіп, олардың ешқайсысы баланың әкесі болмай шыққан. 

Аймағамбетов аталған істің өткен жылдан бері өзінің жеке бақылауында екенін айтты. 

«Қазіргі уақытта полиция не істей алады? ДНҚ сараптамасының көмегімен баланың әкесін табуға болады. Арада осыншама ай өтіп кеткеннен кейін, сараптама үшін басқа биологиялық материал алу мүмкін емес», - дейді ол. 

Өз сөзінде полиция департаментінің басшысы қылмыстық істің қайта қозғалуының аясында ДНҚ-сарпатамасының қайта тағайындалғанын мәлімдеді. 

«Адамдар істің жасырылғанын, тоқтатылғанын айтуда. Іс ешқашан тоқтатылған емес. Ол баланың әкесінің анықталмауына байланысты уақытша тоқтатылды. Себебі бірінші сараптамада 13 ер адамның зорлыққа қатысы бары расталмады», - дейді облыстық полиция басшысы.

"Бұрынғымен салыстырғанда, әйел әдеміленіп кетті": Мұхамеджан Тазабеков неге әйелдер еркекті белсіздікке әкелетінін түсіндірді >>>

Хабарланғандай, күдікке ілінген 14 ер адамның екеуі алиби ұсынған. Олардың бірі сол уақытта Арқалықта үйленіп жатса, енді бірі елордада жұмыс істеп жүрген көрінеді. 

Полиция қыз есіне түсіре алмаған 14-інші күдіктіні іздестіруді жалғастырады. Ол көрші ауылдардан, тіпті, қыз біраз уақыт тұрған Алматы қаласынан іздестірілуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін адвокат Айман Омарова Қостанай облысының Арқалық ауданында 14 ер адамның бір қызды жабылып зорлағанын айтқан еді.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында барлық тергеу амалы жүргізілді. Сонымен қатар қыз шағымданған күдіктілердің барлығына қатысты сот-генетикалық сараптамалар тағайындалған. Алайда күдіктілерге қатысты жүргізілген сараптамалар теріс нәтиже көрсеткен. Артынша оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқатылған еді. 

Арада біраз уақыт өткеннен кейін іс қайта қозғалды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...