Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйінен көлігін айдап келіп, қаққан: Алматы облысында жастар төбелесінің соңы адам өлімімен аяқталды

Алматы облысының Қарасаз аулында жастар арасындағы төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Марқұмның туыстарының сөзінше, оның төбелеске мүлдем қатысы болмаған. Үйінен қайтып келе жатып, жанжалдасқан жастардың қасынан табылған Дидар Қасенді төбелестің басқа қатысушысы көлігімен қағып кеткен көрінеді.

Үйінен көлігін айдап келіп, қаққан: Алматы облысында жастар төбелесінің соңы адам өлімімен аяқталды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-анасынан ерте айырылған марқұмның жақындары, оның қандай да тірлікті игеріп әкетітін пысықтығы мен өзгелерге көмектесіп жүретін елгезектігін айтып еске алды. Олардың сөзінше, 26 тамызда шөпке барып, үйіне қайтып келе жатқан Дидар Қасен төбелескен жастардың қасына барған. Мән-жайды түсініп үлгерместен оны көлік қағыпты.

«Көліктің келе жатқанын көрдім. Адамдар тұрды. Көлікті көріп, біз жолдың арғы бетіне өткенше, оны қағып кетті», - куәгер Нұрбақыт Мұқанов. 

Куәгерлердің айтуынша, сол түні күдікті ретінде ұсталған азамат – төбелестің қатысушыларының бірі. Ол төбелескен жастардың арасынан үйіне кетіп, әкесінің көлігінің дөңгелегін үрлетіп, төбелес болған жаққа қайтып келіп, жастарға қарай қатты жылдамдықпен жүрген. 

«Көлікпен жастардың ортасына кіріп кетті. Содан кейін тарс-тұрс еткен дауыс естілді. Бәрімізге жан керек қой. Жан-жаққа қаштық. Артынша сыртқа шықсақ, бір жігіт жерде жатыр екен», - дейді куәгер Нартай Шыныбаев.

Қатты жылдамдықпен қозғалған көлік адамды қағып кеткеннен кейін де тоқтамапты. Куәгерлердің сөзінше, ол артынша жолдың жиегінде тұрған көлікке соғылып, көлікті 8 метр жерге ұшырып жіберген.

«Біздің ініміз қайтқанда, қағып кеткен жігіт оны жерлемей жатып бостандыққа шығып алған. Бұл заң ба, әлде пара ма?» - дейді марқұмның ағасы Айбек Иманқұлов. 

Марқұмның туыстары полицияның қаншама куәгер көріп, қасақана адам өлімі болған істі абайсызда болған жол-көлік оқиғасы ретінде тіркегеніне ашынып отыр.

«Бұл іс Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қазіргі уақытта тараптар сұралды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайын тексері үшін облыс орталығынан өкілдер жіберілді. Тергеу жалғасып жатыр», - дейді ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.

Яғни Алматы облыстық полициясы қылмыстық істің не себепті 345-бапқа (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес қозғалғанын анықтау үшін Қарасаз аулына арнайы өкілдерін жіберді. Оның нәтижесі екі күннен кейін белгілі болады. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Бізді ажал айырғанша": Ксения Собчак пен күйеуі той кортежі үшін тұтқындалды

Көптен күткен үйлену тойы өтті

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған

"Сахнада жылап жіберді": Батыр Байназаров Ringo тобынан кетті

Ол топқа бірінші болып келген еді

"Головкин жекпе-жекке лайық": Альварестің промоутері үшінші жекпе-жектің уақытын атады

Промоутер: Адамдардың бұл жекпе-жекті тамашалағысы келетіні сөзсіз

"Бетің былқ етпей": Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің кәсіби өтірікші екенін айтты

Ақбота мен Дәурен сахнада келіспей қалды
Çàãðóçêà...