Қырғызстанда ұсталды: Елордада сүйіктісін досымен бірге топ болып зорлаған күдікті Қазақстанға қайтарылды

Сүйіктісін топ болып зорлауды ұйымдастырған күдікті Бішкектен Қазақстанға экстрадицияланды. 

Қырғызстанда ұсталды: Елордада сүйіктісін досымен бірге топ болып зорлаған күдікті Қазақстанға қайтарылдыКүдіктінің жақтасы бұрын сотталған. 

"Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының аса ауыр қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматы Ш.Қ. Әбілқасымовты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды", - делінген хабарламада. 

Әбілқасымов 2019 жылдың 5 наурызында Қырғызстанның Шу облсында ұсталды. 6 мамырда Қазақстанның компетентті органына табысталды.

2017 жылы маусым айында астаналық Саина Раисова екі ер адамға зорланған. Оны бұрын кездескен сүйіктісі алдап пәтеріне шақырған. Қайта қосылғысы келетінін айтқан. Ал, анығында оны сүйіктісі досымен бірге зорлауды жоспарлаған. Бойжеткен 3-қабаттан секіріп кетті. Бірнеше жерінен жарақат алды. Ауруханада шұғыл ота жасалды. Зорлаушының бірі ұсталып, екіншісі қашып кеткен. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр