Үйінді астында көз жұмған Челсидің экс-ойыншысы жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын Түркиядан кетуі керек болған
Ганалық футболшы, "Хатайспора" командасының ойыншысы Кристиан Атсу жер сілкінісінің алдында Түркиядан кетуі керек болған екен. Алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Sports.ru басылымының мәліметінше Кристиан Атсу 5 ақпанда кешке, жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын отанына кетуі керек болған. Бірақ соңғы сәтте жоспарынан айнып қалыпты.
"Газиантепке" қарсы ойнаған жоқ, бірақ 5 ақпанда "Касымпашиге" қарсы ойнап, айып алаңынан жеңіс голын соқты. Негізі ол отбасымен жолыққысы келген. Тіпті билет те сатып алған. Дегмен гол салған соң сапарға шықпайтынын айтқан. Апат оның өміріндегі ең бақытты күні болды. Кешкі 23:00-де ұшып кетуі керек еді, ал жер сілкінісі келесі күні таңғы 04:00-де басталды", – деді "Хатайспора" командасының менеджерлерінің бірі.
Еске салайық, бұған дейін Түркиядағы "Хатайспора" клубының ойыншысы, ганалық Кристиан Атсудың мәйіті үйінділер астынан табылғаны туралы мәлімдеген едік.
Кристиан Атсу португалиялық "Порту", "Риу Аве", ағылшындардың "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", нидерландтық "Витесс", испаниялық "Малагу" командаларында ойнаған. Гана құрама сапында 60 матч өткізіп, 2012-2022 жылдар аралығында 10 гол соққан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

