БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Үйге қайта беріңдер деді": Бақылаушылар сайлау кезінде қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты

Елдің бүкіл сайлау учаскелерін қамтитын желісі бар "Аманат" платформасының жергілікті бақылаушылары сайлауда заңбұзушылықтар болды деп есептейді. Оларға әкімдіктегілер хабарасып, үйлеріңе қайта беріңдер деп бұйырған екен.

Сайлау учаскелеріндегі кейбір бақылаушылар өзінің не үшін отырғаны білейтін секілді. Бұл сайлауда өз міндетіне жауапты қарап, белсенділік танытқан бақылаушылар да бар. Сайлау кезінде олар бірқатар заңбұзушылық болды деп есептейді, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп 

"Бүктеліп тұрған қағаздарды бір жерге қойып жатты. Оны алып таста десем, төрағалары сенің олай деуге құқығың жоқ деді. Сен сыртына қарай қарап тұр деді", - деді "Аманат" платформасының бақылаушысы Әділбек Сейіт.

"Анықтағанда "Аманат" платформасының бақылаушыларына қалалық әкімдіктен хабарласып, үйге қайта беріңдер деген ұсыныс айтыпты", - деді "Аманат" платформасының  бақылаушысы Хәкім Хасанбай.

Көкшетаудағы сайлау учаскесінің төрағасы мұндай жағдайдың алдын алудың орнына шу шығарды. Бақылаушылар одан қолындағы бюллетеньге ұқсайтын қағаздарды көрсетуді талап еткен.Алайда төраға қолындағы қағаздарды көрсетуден бас тартып, қашуға әрекеттенген. 

Ең қызығы заңда көрсетілгенімен, облыстық БАҚ-та сайлау қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Ал, бақылаушылардың шағымы бойынша жауап бергісі келмеген комиссия төрағасынан түсірілім тобы тырысатын болады. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр