БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Үйге бара жатқан едім": Заңсыз митинг кезінде тұтқындалсаңыз не істеу керек?

Алматыдағы заңсыз митинг кезінде полиция тұтқындағандардың арасында үйіне бара жатқан, өз жұмыстарымен жүрген қарапайым азаматтар да болған. Оларға өзіңдікі дұрыс екенін дәлелдеу керек пе? Сізді тұтқындаса, не істеу керек?

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Төле би даңғылымен келе жатқанымызда полицейлер ұстап алып, ештеңе түсіндірмеді», - дейді қала тұрғыны Ләззат Алуадин.

Ләззат Алуадин 2 күн бұрын екі ағасымен бірге ұсталған. Полицейлер оларды полиция бөліміне жеткізіп, 8 сағат ұстапты. Сол күні олар Сайран автовокзалының аумағында жұмысынан қайтып келе жатқан. Алайда тәртіп сақшыларына мұны түсіндіре алмапты. Інілерінің бірі кәмелет жасқа толмағандықтан, оған айыппұл салып, босатқан. Ал екінші туысы 10 тәулікке қамалыпты. Ал Ләззат 12 мың теңге айыппұл төлеп, босап шыққанын айтады.

«Екі нұсқа болды. Біріншісі, айыппұл төлеп, босап шығу. Алайда заңсыз митингіге қатысқаныңды мойындауың керек. Егер кінәңді мойындамасаң, қамап қояды», - дейді ол.

Ал құқық қорғаушылар сізді тұтқындаса, қарсыласудың керегі жоқ екенін айтады. Керісінше жағдайда, бағынбағаныңыз үшін айыпталасыз. Ал бөлімшеде адвокат берілуін талап етіп, заңгерлік кеңессіз ештеңеге қол қоймау керек, дейді.

«Адвокат сіз үшін арыз жаза алады. Сонымен қатар адамдарға түсініктеме жазып берсе, босататынын айтып жатады. Алайда олар түсініктеме жазбауы керек», - дейді құқық қорғаушы Евгений Жовитс. 

Құқық қорғаушы сот шешіміне ғана емес, полицейлердің әрекетіне де шағымдануға болатынын айтады. Ал соттың шешімі аппеляциядан кейін ғана күшіне енеді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр