Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үсік қысқа мерзімге тоқтайды: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Өңірлердегі жауын-шашын мен үсік қысқа мерзімге тоқтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

гүл

«Алдағы тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды. Ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1…3°С үсік жүреді», - делінген хабарламада. 

Бірақ 13 қыркүйекте Батыс Сібірден кезекті арктикалық фронт Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан соң орталық және шығыс аймақтарына өз әсерін тигізеді. Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады. Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз, ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болып келеді. 

Талқылау