Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 «Үш рет талақ берді»: Мәскеу аруы Малайзияның бұрынғы патшасымен қалай ажырасқанын алғаш рет айтты

«Мәскеу аруы – 2015» байқауының жеңімпазы Оксана Воеводина Daily Mail басылымына берген сұхбатында Малайзияның бұрынғы патшасы V Мұхаммедпен ажырасуының мән-жайын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Воеводинаның сөзінше, ол жүктілігінің төртінші айында жүргенде шаңырақтары шайқалған. Ол күйеуімен ажырасқаны туралы желіден біліпті. Ресейлік арудың өзіне ешкім хабарласпаған екен. Айтуынша, V Мұхаммед 2018 жылдың желтоқсан айында өзінен кетіп қалған. Содан бері менімен хабарласпады, дейді.

«Бәрі жақсы болған еді. Сондықтан нақты не болғанын білмеймін. Біз тұңғышымыздың дүниеге келуін күтіп жүрдік. Оның неліктен мұндай қадамға барғанын әлі күнге дейін түсінбеймін», - дейді модель. 

«Мәскеу аруының» айтуынша, күйеуі өзіне үш рет талақ беру арқылы ажырасқан. 

Воеводина өз кезегінде ажырасу туралы ресми құжаттарды алмағанын және V Мұхаммедтің өзінің алдында «ажырасу» деген сөзді айтпағанын жеткізді. 

Талқылау