Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жүргізілген атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың заңдылығын тексеру жұмыстары барысында әлеуметтік қызметкерлерді алдауының бірнеше фактілері анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік басқармасының төрайымы Әсем Жүнісбекованың хабарлауынша, 2019 жылдың мамыр айында 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы АӘК тағайындауға өтініш білдірген.

Алайда, жүргізілген тексерістің нәтижесінде, бұл отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден үш қабатты зәулім үйде тұратыны, сонымен қатар, оларға тиесілі жеңіл көлігі бар екені анықталған. Бұл отбасының тұрмыс жағдайы жоғары деп танылып, оларға АӘК тағайындаудан бас тартылды", - деп жазылған хабарламада. 

Ең сорақысы, әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз жолмен алу мақсатында, Қарағанданың кейбір тұрғындары өздерінің нақты тұратын немесе уақытша тіркелген мекенжайын жасырып келген.

АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды. Сол себепті, Қарағанды облысы бойынша барлығы атаулы әлеуметтік көмек төлеу 92 отбасына уақытша және 890 отбасына мүлде тоқтатылды. 1 мың 621 отбасына қайта есептеу жүргізілді.

Талқылау