Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үнсіз, тілсіз қабылдайды": Қайрат Нұртастың келіншегі мейірім іздейтіні туралы айтты

Қайрат Нұртастың келіншегі мейірім іздейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үнсіз, тілсіз қабылдайды: Қайрат Нұртастың келіншегі мейірім іздейтіні туралы айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова халықтың қазіргі жан күйзелісін айтып, барлығының бір мейірім іздейтінін жеткізген. Ол жүректің қаншалықты керемет дүние екенін тілге тиек етіп, мейірімді болуды әуелі өзімізден бастап көрелік деп ағынан жарылған. 

"Жаратқанның ең шебер жаратылыстарының бірі - жүрек. Ол бәрін өзіне сыйғыза алады. Үнсіз, тілсіз қабылдайды. Қазір қоғам боп мейірімді жүректі іздеп жүрміз. Ата-анадан, бауырдан, достан, елден, мемлекеттен бір мейірім күтеміз. Бәлкім сол мейірім беруді өзімізден бастап көрсек қайтеді", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Қайраттың келіншегі адамға мейірімділік таныта алмасаңыз да, басқа жаратылысты мейірімге бөлеп, жақсылық жасап үйренейік дейді. Осылайша, ол жұртты қайырымдылық күнімен құттықтаған.  

"Сіз мейірім күтуші емес, беруші боп көріңіз. Дәл бүгін адамға көмектесу қолыңыздан келмесе де, жануарға не табиғатқа жылу сыйлап көріңіз. Жаныңызда отырған жанға жылы сөз айтып көріңіз. Халықаралық қайырымдылық күні құтты болсын!" - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Талқылау