Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Унаи Эмери: "Біз жеңіске лайық болдық"

Унаи Эмери

Фото:Ашық дереккөзден

"Астон Вилла" бас бапкері Унаи Эмери Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында "Фейеноордқа" қарсы сырт алаңдағы 2:0 есебімен жеңіке жетті. Ойыннан соң матчты қорытындылар ойын барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

"Мен өте қуаныштымын, өйткені Еуропа лигасында жеңіске жету оңай емес. Бұл турнирде әр команда тыңғылықты дайындалып, жоғарғы бәсекеге дайын болу керек.

Жақсы ойын тактикасы, қарсылас команданы да жіті зерттеуге міндеттіміз.  Әсіресе сырт алаңда ойнау қиын. Бүгін біз жоспарлағанымыздың бәрін орындадық. Ойын барысында қиын сәттер болды, бірақ команда оларды еңсере білді. Біз жеңіске лайық болдық деп ойлаймын, себебі матчтың екінші жартысында жоғарғы деңгейдегі ойын өрнегін көрсеттік", — деді Эмери клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік,  "Астон Вилла" екі турдан кейін Еуропа лигасының топтық кезеңінде 6 ұпай жинап, турнир кестесінің көш басына жайғасты.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 10:00