Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкендердің қарауынсыз қалған: Алматы облысында өзендегі мұз жарылып, екі кішкентай бала суға батып кетті

2014 және 2016 жылдары туған екі кішкентай бала Алматы облысындағы кіші Алматы өзеніндегі мұз астына түсіп, суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 желтоқсанда түскі уақытта болған. Алматы облысының Іле ауданы Түймебаев ауылында 2014 және 2016 жылдары туған екі кішкентай бала қараусыз қалып, абайсызда Кіші Алматы өзенінде жұқа мұздың астына түсіп, қаза болған.

Балалардың денесін туыстары өзеннен тауып, судан шығарған.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ата-аналарға балаларын су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

- Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.

- Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге болмайды.

- Қараңғы кезде, көрінбейтін уақытта (тұман, қар жауу, жаңбыр) және мас күйде мұз бетіне шығуға болмайды.

- Өзеннен өткенде арнайы мұз өткелдерін пайдалану керек.

- Су қоймасынан топпен өтерде бір-бірінен 5-6 метр қашықты сақтау қажет.

- Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн. Қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпесін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден лақтырып тастау керек.

- Мұзда балық аулағанда мұзды бір-бірінен 5-6 метр қашықта ою қажет. Балықшының құтқару кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқаны болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.

- Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғаната жүріп кері жағаға оралу керек.

- Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есінен танып қалуы мүмкін екенін білу қажет. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр