Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен жылан циркте өнер көрсетіп жатқан әртісті буындырып тастады (видео)

Үлкен жылан әртісті циркте өнер көрсетіп жатқан кезінде буындырып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде жыланның әртісті буындырған видеосы тарап кетті. Видео кадрларынан жас жігіттің циркте өнер көрсету кезінде жыланды иығына салып, артынша оны мойнына орағаны байқалады. Осы кезде кенеттен жігіт жерге құлап, қолын әрлі-берлі бұлғай бастайды. Алайда көрермендер оған көмек көрсетуге асықпады. Олар бұл қойылымның бір бөлігі деп ойласа керек. 

Бір мәліметтер бойынша, оқиға Барнаулда, кей мәліметтерге сәйкес, Дағыстан немесе Владимир облысында орын алған. Оқиғаның қашан және қайда орын алғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

 


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр