Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үлкен қаражатты талап етеді": Арман Дүйсенов қазақтың әншілерін сынап тастады

Арман Дүйсенов қазақтың әншілерін сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап.

Соңғы уақыттары қазақ эстрадасында ұрланған әндердің қатары көбейді. Шетелдік әншілердің туындысын алып, қазақшаға аударып халыққа ұсынатын жұлдыздардың әндері хит болып кетіп жатқан жағдайы бар. Қарап тұрмай шетелдіктер бізге де жиендік жасайтынды шығарған.

Әншілердің бұндай қадамға баруын композитор Арман Дүйсенов түсіндіріп берді. Өнер иесінің айтуынша бір туындыны жазу үшін көп қаражат қажет. Ал отандық жұлдыздардың жеке ән жазуға қалтасы көтермейді. Сондықтан, арзан жолы жиендік жасау дейді ол. Осылайша композитор әншілерді сынап тастаған. 

"Бұл үлкен қаражатты талап ететін дүние. Сондықтан да әншілерді түсінемін. Өйткені, әрқайсысының отбасы, шешілмеген тұрмыстық мәселелері бар. Соларды шешу үшін олар оңай жолды таңдайды. Мәселенің барлығы экономикаға тіреледі. Саяси ештеңесі жоқ", - дейді Арман Дүйсенов.

Талқылау