Үкімет елімізде жүк көліктері үшін жолдарды ақылы ету туралы шешім қабылдады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет I кезең учаскелерінде жүк көліктерінен ақы алу жүйесін енгізу жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоба жолдардың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайту үшін жүзеге асырылып жатқаны түсіндірілді. Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік көліктерге әсер етеді.
"І кезең аясында ұзындығы 5,5 мың шақырымды құрайтын жолдарда бейнебақылау камераларымен, лидарлармен, байланыс антенналарымен және басқа да құрылғылармен жабдықталған 100-ге жуық бақылау аркалары орнатылды. Бұл жол қозғалысын күтіп ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы жол желісін жаңғырту кезінде бейнебақылауды күшейтуге, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аудару керектігін алға тартты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген