Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақыты келді": Димаштың концерті отандық жұлдыздар арасында талқыға түсті

Димаш Құдайбергеннің жеке кеші отандық жұлдыздар арасында талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жақында ғана "Арнау" атты кеш беріп, дүйім жұртты тәнті еткен Димаш Құдайберген отандық жұлдыздардың арасында сөз болды. Жас дарынның талантына тәнті болған өнер иелерінің бірі оның талғампаздығына қызықса, енді бірі дауысының әдемілігін айтып таңдай қаққан. Солардың бірі Мақпал Исабекова Димаш бұрындары сахнада жүрсе де, қатты танымал емес еді, оның шарықтайтын уақыты келген сияқты дейді. 

"Димашқа қатысты пікірім баяғыда қалыптасқан. Өте дарынды, талантты жігіт. Димаштың уақыты келді. Өйткені бұрындары сахнада ән айтып жүргенін ешкім білмеген, өйткені танымаған", - дейді Мақпал Исабекова. 

Ал, Димаш Құдайбергеннің өнердегі ағасы Жігер Ауыпбаев болса, концертке қонақ ретінде шақырылып, бара алмағанына өкінішін білдіріп, інісіне сәт сапар тілеген. Сонымен қатар, ол Димаш Құдайбергеннің әнді халыққа жеткізу шеберлігін де ерекше атап өтті.

"Шетелдің әндерін жаңаша түрде халыққа жеткізді. Кешіне қонақ ретінде шақырған еді. Қатты барғым келген. Алайда, алдын ала басқалармен келісіп қойған соң, бара алмадым. Ыңғайсыз жағдай болды", - деп өкінді Жігер Ауыпбаев. 

Талқылау