Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақыты белгілі": Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалғас Жұмағұлов

Жалғас Жұмағұлов келісімшарт бойынша UFC-де тағы бір жекпе-жек өткізуі керек. 

"Қарсылас бар, уақыты белгілі! Алға", - деп жазды ол. 

Дегенмен Жұмағұлов қарсыласының есімі  мен кездесу уақытын да нақтыламады. 

Еске салайық, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қарашасында өткізген еді. Алайда америкалық Чарльз Джонсонға төрешілер шешімімен есе жіберді. Жалғас UFC-де бір рет қана жеңіп, бес рет жеңіліс тапқан.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 14:03