Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖМ мамандары кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті - үкімет басшысы

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алихан

“Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз”, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, мамандар кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады.

“Сонымен қатар, министрліктің еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі бөлімшелері де шұғыл әрекет етіп, биылғы ақпан айында болған тасқын қаупін барынша азайтты. Олардың да үйлесімді жұмысын атап өткім келеді. Дегенмен,   қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, біз су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін тағы бір рет қарауымыз қажет”, - деді Әлихан Смайылов.

Бақытнұр Шерикбай
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 09:39