Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖМ құрамында төрт комитет болады

Төтенше жағдайлар министрлігінен төрт комитет құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, министрлікте өртке қарсы қызмет комитеті мен азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды. Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып қайта аталсын.


Бұдан басқа, төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитетіне бөлу жолымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қайта ұйымдастырылатын болады.

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті таратылатын болады. Төтенше жағдайлар министрлігі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында құтқару қызметіне ерекше мәртебе берген болатын. Ол төтенше жағдайлар министрлігін қайта құрудың маңыздылығын атап өтті. Содан кейін президент "төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" жарлыққа қол қойды. Бөлім басшысы Юрий Ильин болды.

Талқылау