Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Тұзды суым мен "Аятуль курсиім" түгел": Айжұлдыз Адайбекова мәлімдеме жасады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова ұзатылу тойынан кейін, мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік өткен жұма күні актрисаның ұзату тойы болған еді. Бұл кештің өзінің қуанышы емес, анасының аңсаған тойы болғанын атап өтті.

"Бұл – ең бірінші анамның тойы. Себебі бұл сәтті Алладан күнде дұға етіп тілеген кездерін өз көзіммен көрдім. Көйлекті Сымбат құрбым тігіп берген. Ол күн, ал мен түн тематикасы болдым. Әрбір қонаққа шын ықыласыммен рахметім мен құрметімді білдіремін. Соңына дейін бәрі болды. Жарты қонақтарым басқа қаладан ұшып келді. Әлеуметтік желінің бәріне "ыстық нан" болдым. Ас болсын! Аллам бақытым мен абыройымды өсіріп жатыр. Үлкен жаңалық бар, бәрі реттелген соң айтамын. Тұзды суым мен "Аятуль курсиім" түгел", – деп жазды актриса. 



Еске салайық, Айжұлдыздың ұзату көйлегі желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді. 

“Сәукелесіз ұзатылған бірінші қыз”, “Ақ көйлекке ештеңе жетпейді екен”, “Осы қызды қиял десем, ренжисіңдер”, “Аты мен көйлегін үйлестірген сияқты”, “Құрбысы өз ісінің шебері екен”, “Айжұлдыз өзінің дара екенін дәлелдеді”, – деп жазған еді көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 11:56
Талқылау