Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұшпара мен йогурт жеген: Шымкентте бір отбасының екі баласы уланып көз жұмды

Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жартылай дайындалған тұшпара жеген. Одан бөлек сүттен дайындалған йогурт ішкен.

Тұшпара мен йогурт жеген: Шымкентте бір отбасының екі баласы уланып көз жұмды

Әзірге балалардың өліміне не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 4-тер шамасында  тіркелген.  Бір үйдің үш бірдей баласы мен анасы бастары айналып, іштері өткен. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырғанымен, ақ халаттылар тек қажетті ем-домдарын жазып қалдырған. Тек, 5 сағаттан кейін бәрінің жағдайы нашарлап, балалар мен анасы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

"Қазіргі уақытта отбасы мүшелері нақты неден уланғанын тексерудеміз. Қойылған диагноз бойынша нақты ақпаратты алдағы уақытта айтатын боламыз", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі Инна Глазебная.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да келіп жеткен. Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, үй  орталықтандырылған жылу жүйенсіне қосылған екен. Сондықтан да газдан улану фактісін мамандар үзілді-кесілді жоққа шығаруда.

"Оқиға орнына ТЖД барып жеткен. Ол жерде толғымыен жүргізе отырып иісті газ болсын, шықпаған анықталған. Жалпы осы бойынша жедел жәрдем диагнозы тамақтан уланған деп көрсетіліп тұр. Кешкісін балдарға йогурт берген", - деді қалалық ТЖД өкілі Зарипа Тұрысбекова. 

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар йогуртттан бөлек, жартылай дайындалған тұшпара да жеген. Одан бөлек, сүт өнімінен дайындалған йогурт ішіпті. 32 жастағы әйел  2008, 2015, 2018 жылы туған балаларымен бірге токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған. Алайда, дәрігерлер қанша жанлаласса да 1 және 4 жастағы бүлдіршіндерді құтқара алмапты.

«Сағат шамамен 9-ға жуық тағы да отбасыдан жедел жәрдем шақыртқан, 9-37 келіп, отбасының  87 жылғы анасын, балаларын жұпалы аурулар аураханасына алып келген. Тағайындауы бойынша 3 мүшесі токсигология бөлііміне жеткен, 11:00-де 2015 жылғы бала қайтыс болған, сол күні 14:00-де 2018 туылған бала жас бала қайтыс болған. Оқиға бойынша ТДЖ мамандары оқиға орнына жеткен,табиғи газ болсын шықпаған және де жалпы осы оқиға бойынша алғашқы қойылған», - Зарипа Тұрысбекова. 

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен 2008 жылғы баласының жағдайлары қанағаттанарлық. Ал, әзірге көз жұмған балалардың өліміне не жағдай түрткі болғаны белгісіз. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, нақты себебі соның нәтижесінде анықталмақ. Ал, полицейлер  астан улану фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Талқылау