БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі: Рамазан айы - әйелдер үшін отпуск сияқты

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова рамазан айын демалысқа теңеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі желідегі парақшасына тамақ ұстап тұрған суретін салып, жазба қалдырған. Рамазан айында әйелдер қауымы үшін демалыс болғанын айтқан Мөлдір Мұқанова ораза кезінде таңғы, түскі ас пісірмегенін жасырмады.

"Рамазан айы әйелдер үшін отпуск сияқты. Таңғы ас пісірмейсің, түскі ас пісірмейсің. Бала-шағаға жеңіл-желпі дайындайсың, оның жарасы жеңіл ғой. Кешкі ас ауызашарда не қонаққа барасың, не қонақ шақырасың. Керемет қой. Әйелдер қауымы бір раxаттанып демалып алдық", - дейді Мөлдір Мұқанова.

Бұны көрген желідегі жұрттың бірі тамақтың дайындалу жолын сұрап жазса, енді бірі Мөлдір Мұқанованың сөзіне қосылып, қолпаштап жатты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр