БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынбек Қабатов кенже ұлының шілдеханасын дүркіретіп өткізді (видео)

2018 жылдың соңғы айында ұлды болған Тұрсынбек Қабатов той жасады. Танымал актер арада 4 ай өткен соң кенжесінің шілдеханасын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Тұрсынбек Қабатов кенже ұлының шілдеханасын дүркіретіп өткізді (видео)Алайда Тұрсынбектің өзі де, жары да бұл туралы көпшілікке айтпады. Тойға келген әріптестері де әлеуметтік желіде көп фото жарияламады. Соған қарағанда, актер отбасылық қуанышы туралы жария еткісі келмесе керек. 

Тұрсынбек Қабатов кенже ұлының шілдеханасын дүркіретіп өткізді (видео)Дегенмен де, Instagram желісіндегі азды-кем фото-видеолардан тойға Қыдырәлі мен Қарақат, Бекболат Тілеухан, Қалқаман Сарин, Серікзат Дүйсенғазин, Балғынбек Имашев сынды танымалдардың қатысқанын байқауға болады.

Той барысында Қабатовтар отбасы мен қонақтар кішкентай Райымбекке арнап би билеген. 

Айта кетейік, бұған дейін жұбайы Мөлдір Тұрсынбектің өзіне Range Rover көлігін уәде еткенін айтқан еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр