Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтындардың 81% жұмыссыздар – ҚР ІІМ 

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтындардың 80 пайызынан астамы жұмыс істемейтін адамдар. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 50% -дан астамы – әйелдер болса, 6,4%-ы – кәмелетке толмағандар. Әдетте, мұндай құқық бұзушылықтардың жартысы мас күйде жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81% -ы еш жерде жұмыс істемегендер", - деді Милюк ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, елімізде соңғы 5 жылда әйелдер күш көрсету қылмысы 2 есе, балалардың құқығын бұзу қылмысы 3 есеге азайған. 

"Сондай-ақ, карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы күшейе түсті. Мұндай жағдай қазіргі кезде көптеген елде болып жатыр. Өткен жылдың соңында осындай қылмыс саны 4,7% өсті. Осы орайда ІІМ-де зорлық-зомбылық құрбандарын анықтаудың арнайы алгоритмі әзірленіп, жүзеге асырылуда. Яғни тұрмыстық қысым, күш көрсету туралы полицияға телефонмен құпия сөзді қолдана отырып хабарлауға болады", - дейді ол. 

Сондай-ақ, комитет төрағасы орынбасарының сөзінше, әйелдерге күш қолданатындардың жартысы өз әрекеттерін ішімдіктің әсерімен жасайды. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр