"Тұрғындар қауіпсіздігі үшін бірлескен жұмыс": "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ведомстволық наградамен марапатталды
ҚР Ұлттық ұланы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонскийді ведомстволық наградамен марапаттады. "Қазақстан Республикасының құқықтық тəртіп əскеріне – 30 жыл" төсбелгісін табыстау кезінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Ұлттық гвардиямен ынтымақтастығына қосқан жемісті еңбегі аталды.
“Өңірлік "Орталық" басқармасы құқық қорғау органдарының күрделі міндеттерімен айналысады. Мұнда Орталық және Солтүстік Қазақстанның бес облысының әскери бөлімдері кіреді. Солардың ішінде Теміртау қаласында орналасқан бөлімше 31 жыл қызмет етіп, жеткілікті жауынгерлік тәжірибе жинақтаған. Бөлімшенің жеке құрамына ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, қаладағы қоғамдық тәртіпті және азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғау міндеті жүктелген. Біз "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және оның жалғасын табатынына сенеміз”, – деді ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік басшылығының генерал-майоры Сәкентай Шеқарбеков.
Өз кезегінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский алғыс білдірді.
“Марапат үшін алғыс айтамын. Бұл компания мен Ұлттық ұланы арасындағы ынтымақтастыққа берілген жоғары баға. Біз үшін зауыттағы да, оның сыртындағы да жағдайдың тұрақты болуы маңызды. Біз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін бәрін істейміз. Және осы тұста әскери бөлімнің жеке құрамы мен еліміздің Ұлттық ұланының қызметкерлері үлкен рөл атқарады. Бірлескен жұмысымыз үшін көп рахмет!”,- деді Владимир Яблонский.