Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен Алғабас ықшам ауданының тұрғындарының арасында жер дауы орын алды. Жер мәселесі Алматы қаласының Алғабас ықшам ауданында туындаған. Бірден жеті отбасы өздерінің үйі мен бақшасы әртіске тиесілі жердің аумағына кіріп кеткендігін анықтаған. Бәрін қосқанда 70 сотық жел тілімі қалай екені белгісіз танымал актердың қожалығына аусып кетіпті. Мұны анықтаған жердің қожайындары мұнымен келіспейтіндерін көрсетіп, жерді Тұңғышбай Жаманқұловтан бұрын сатып алғандықтарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды

Өздерінің үйлері актердің жеріне кіріп кеткендігін білген отбасылар бірнеше рет сотқа арызданған да екен, алайда бұдан нәтиже болмапты. 

«Алатау аудандық сотына шағымданғанбыз, бірақ олар бізге жолағылары келмейтіндігін байқатты. Әрине, Тұңғышбай Жаманқұлов беделді тұлғалардың бірі, бірақ біз де өзімізге тиесілі жерді бергіміз келмейді. Мен бұл жерді 2004 жылы сатып алып, үй тұрғызып, үш баламмен көшіп келген болатынмын. 2014 жылы Жаманқұлов мырза келіп, бұл жер менікі демесі болады ма? Менің бұл жер тілімініе қатысты ресми құжаттарым бар» - деді тұрғындардың бірі

Айтуларынша, бұл мәселе ықшам аудан қалаға қосылғаннан кейін пайда болған. Олар әлі күнге дейін облыс берген құжаттарды қайта тіркеуден өткізе алмай жүрген көрінеді. 

«Осы жерден мемлекеттік акті алған болатынбыз. Оны бізге 2004 жылы жазып берген. Ауданды қалаға қосқан кезде құжаттарымызды қалаға тіркеуден өту үшін аудан орталығына барсақ, бұл жер 2006 жылдан бері Тұңғышбай Жаманқұловқа сатылып кеткен екен», - деді тағы бір тұрғын Жолан Бекебаев.


Тағы оқыңыз: Тұңғышбай Жаманқұлов: Өз оқушыма ессіз ғашық болдым, кейін үйлендім


Актердің өзі Алғабастағы жер тілімі бар екендігін растап отыр. Оның айтуынша, бұл жерді ол заңды жолмен сатып алған, сол себепті жерді жайдан жай тұрғындарға сыйлай алмайды екен. Бәрін сот шешсін деп отыр. 

Қиын жағдайға бірден 7 отбасы тап болған көрінеді. Тұрғындар әділдікті іздеп сот алдын торуылдағаннан шаршадық деп отыр. Олар тезірек үйлерін өз атына аударып, өздерін және отбасыларын тіркеуден өткізуді қалап отыр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр