Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіріліміне 2,5 млрд теңге жұмсалған: "Томирис" фильмі 480 млн теңге жинады

«Томирис» тарихи фильмі прокаттағы бір ай ішінде 480 миллион теңге жинады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, бастапқыла отандық кинотеатрлар тарихи туындыны күніне 700 рет көрсеткен. Артынша прокат күніне 800 көрсетілімге дейін ұлғайтылыпты. 

«Фильм көрсетліген алғашқы күннен бүгінге дейін шамамен 480 миллион теңге жинады. Бұл ақша біздің киноөнерді дамыту үшін бюджетке түседі. Бүгін таңертең фильмнің режиссері Ақан Сатаевпен сөйлестім. Аталған фильм мемлекетте үлкен қызығушылық тудырғаны үшін өте қуаныштымыз», - дейді мәдениет министрі.

Сондай-ақ, Райымқұлова тарихи туындыны өзге де фильмдермен бірге халықаралық кинофестивальдарда көрсетілуге дайындап жатқандарын айтты. 

«Бұл киноиндустрия үшін алға жасалған қадам болды. Бұған дейін бізді Қазақстанда түсірілетін фильмдер бәсекеге қабілетті емес деп айыптайтын еді. Бүгінгі таңда біз «Томирис» фильмі сияқты жарқын үлгі бар екенін айта аламыз. Ол біздің нарықта кез келген голливудтық туындымен бәсекелесе алады», - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Сонымен қатар министр аталған фильм Қытай, Оңтүстік Корея және Түркиядағы серіктестерді қызықтырып отырғанын жеткізді. Мәдениет министрлігі туындыны шетел тілдеріне аударып, әлем бойынша көрсетуді жоспарлауда.

Еске сала кетсек, «Томирис» фильмінің алдын ала көрсетілімі кезінде «Қазақфильм» президенті Арман Асенов туындыны түсіруге 2,5 миллиард теңге жұмсалғанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...