Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түсінбейтін айуанбыз ба?": Шымкенттің жаңа әкімі көпбалалы аналардың көз жасына қалды

Шымкенттік көп балалы аналар төрт күннен бері қала әкімімен кездесе алмай әуреге түстік дейді. Айтуларынша, таңның атысы, күннің батысымен қала басшысын табалдырықта отырып күтіп жүр екен. Әкім болғанына бір ай ғана болған Ерлан Айтаханов бізді қабылдауға құлықсыз дейді, олар.

Сурет: 31 арна/скриншот

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімнің қабылдауын төрт күн күткен аналар бұл жолы күзеттен күшпен өтуге тырысты. Олар әкімге екі мәселені жеткізе алмай әуре. Бірі атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүрсе, енді бірі басыбайлы баспанаға қол жеткізе алмай әлекпіз дейді. Көп жылдан бері кезек күтіп, шыдамы таусылған әйелдер, тіпті, жылап та жіберді.

«Министрлердің өздері шығып, аналар бар мұқтажын айтып жатыр ғой. Сөйтіп айтса болады ғой. Біз де адамбыз ғой. Бәрін түсінеміз ғой. Түсінбейтін айуанбыз ба?» - деп жылады аналардың бірі. 

Әкімді күтіп, табалдырығын тоздырып жүрген көпбалалы аналардың бірі Гүлзада Дүтбаева да баспанасыз жүргенін айтады.

«Бес балам бар. Әлі күнге дейін өзіме баспана алған жоқпын. Қазір уақытша үйде отырмын. Бұл мәселені не үшін көтеріп жатырмын? Менен кейін балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар баспаналы болса екен деймін», - дейді көпбалалы ана Гүлзада Дүтбаева.

Көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесіндегі түрлі түйткілдерді алғашында Әл-Фараби ауданы әкімінің басшысына жеткізгенін айтады. Алайда аудан әкімі түк бітірмеген соң, тамыз айының басында-ақ қала әкімінің қабылдауына жазылып қойғанбыз, деп отыр.

«Қазір барлығы уақытша пәтермен қамтылған. Пәтерді тек өз кезегі келгенде алады», - дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Әбдинұров.

Аналардың өздері аталған басқарма өкілдерінің алдына талай барғанын, алайда еш нәтиже болмағанын айтады. Сондықтан біздің мәселені әкімнен басқа ешкім шешіп бере алмайды, дейді.

Қала басшысы Ерлан Айтаханов та, оның орынбасары Ербол Садыр да көпбалалы аналардың талабын тыңдауға шықпады. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Бізді ажал айырғанша": Ксения Собчак пен күйеуі той кортежі үшін тұтқындалды

Көптен күткен үйлену тойы өтті

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған

"Сахнада жылап жіберді": Батыр Байназаров Ringo тобынан кетті

Ол топқа бірінші болып келген еді

"Головкин жекпе-жекке лайық": Альварестің промоутері үшінші жекпе-жектің уақытын атады

Промоутер: Адамдардың бұл жекпе-жекті тамашалағысы келетіні сөзсіз

"Бетің былқ етпей": Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің кәсіби өтірікші екенін айтты

Ақбота мен Дәурен сахнада келіспей қалды
Çàãðóçêà...