БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Түсе ғой жерге": Танымал журналист 3 тілде дебат өткізуді ұсынған Садырбайды сынады

Бибігүл Дәулетбекқызы Асхат Садырбайды сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Асхат Садырбайдың саяси сауатын сынады. Дебатқа қатысты Садырбайдың айтқан сөздері Бибігүл Дәулетбекқызының көңілінен шықпай қалған.

«Әріптесім Асхат Садырбай Фейсбук желісіндегі парақшасында: «Дебат өтсе 3 тілде өтсін! Қазақша, ағылшынша, қытайша!» депті (автордың жазғанын сол күйі алдыларыңызға жариялап отырмын)", - дейді Бибігүл Дәулетбекқызы. 

Басында айтылғанның бәрін қалжың есебінде қабылдаған журналист артынша Асхат Садырбайдың пікірін оқып жағасын ұстаған көрінеді. Қанша уақыттан бері орыс тілінен айырылмай жүрген кезде, қытай тілінің шыққанына ашынды Дәулетбекқызы.

«Асxат, түсе ғой жерге! Не үшін айдаһар болу керекпіз?! Әне, украиналықтар өз тілінде дебат жасады. Америкалықтар ағылшынша. Осындай жалтақтықты қоймағанша, Ел болмаймыз!» деп жаздым пікірлердің астына.

Басында қалжыңы болар деп едім, сөйтсем шырағым маған бүй дейді: «Бибігүл Дәулетбекқызы, мен аспанда жүрген жоқпын! Заманауи президент, жалпы кез келгеніміз осы үш тілді білуіміз керек! Сыртқы саясат қазақ тілімен шешілмейтін шығар?!» - деп ашынды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Саясатқа араласпай-ақ, шоу-бизнесте жүре бер деп шорт кесті Бибігүл Дәулетбекқызы. 

"О, Құдайым-ау, сырт не айтады деп онсызда 30 жыл тұншығып келеміз ғой. Енді тағы сыртпен санасуымыз керек пе?! Онсыз да, Ресейдің тілімен 1 ғасыр сөйлеп келеміз, оған енді қытайды қосқаның қай сасқаның, Асхат, а?! Кейде саясатқа араласпағаны жөн бе деймін кей әртістер мен шоу-бизнестегілердің…» - дейді журналист.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр