Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрменің тамағын Париж асханасымен салыстыруға келмейді": Қызды денесін бөлшектеп тастаған оқытушы изоляторда отырып, сұхбат берді

Санкт-Петербург қаласының қоғамдық бақылаушылар комиссиясының өкілі Александр Холодов өзінің YouTube каналында Анастасия Ещенконың өліміне қатысты іс бойынша тарих пәнінің оқытушысы Олег Соколовтан алған сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео Ресейдің ІІМ-нің изоляторында түсіріліпті. Әңгіме барысында Соколов өзінің көзілдірігін әкеп беруді сұрапты, себебі түрмеде кітапты дұрыс оқи алмай жүрген көрінеді. 

«Мен ғалыммын. Ал төрт керегенің ішінде мен есімнен ауыса бастаймын. Сіздерден өтінерім: қазір маған өз ісіммен айналысуға мүмкіндік беріңіздерші», - деді Соколов. 

Айыпталушы өзінің түрмедегі жағдайымен бөлісті. Айтуынша, оны ешкім ұрмапты, тамағы да тоқ көрінеді. Сонымен қатар ол «сүттен ақ, судан таза» қалпынан тайса да, өзін жайлы, қауіпсіз жағдайда болғысы келетіндігін жеткізді. 

Бұған қоса доцент түрме қызметкерлері мен басқа да айыпталушыларды "өздерін дұрыс ұстайтынын" айтты. Соколов "мұнда берілетін тамақ, әрине, Париж асханасымен салыстыруға келмейтіні" айтып, дегенмен оны жеуге болатынын қосқан. 

Естеріңізге сала кетейік, Соколовтың қылмысы 9 қараша күні әшкере болыпты. Қылмыскер оның үстіне мас болған көрінеді. Ол қыздың бөлшектенген денесін суға ағызып жібермекші болған, бірақ өзі суға құлап кеткен.

Бұған дейін Анастасия Ещенко өлмей тұрып ағасымен сөйлескені мәлім болды. Одан кейін Соколовтың қыздың денесін суға ағызып жатқаны видеоға түсіп қалған. Кейіннен Соколов оқиға қалай болғанын өзі айтып берді.  

Талқылау