Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жолдады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.

"Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/ Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар", - делінген хабарламада.



Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:

  • шатырлар,
  • генераторлар,
  • жылытқыштар,
  • көрпелер
  • ұйықтайтын сөмкелер.

Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 12 Ақпан, 2023 19:20