Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға көмектесу үшін миллион доллар бөлу: Қазақстан үкіметі қаулы шығарды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті қаулыны Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды", – делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, өз кезегінде Сыртқы істер министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бұл қаражатты түрік тарапына арнайы шотқа аударуы тиіс.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсету үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша 8754 адам қаза тауып, зардап шеккендер саны 49133-ке жеткен.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 08 Ақпан, 2023 20:43
Талқылау