"Түркияға 1 миллиард доллар жинау қажет": БҰҰ үндеу жариялады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркиядағы зілзала салдарын жойып, 5 миллионнан аса адамға көмек көрсету үшін үш айдың ішінде 1 миллиард доллар жинау керектігі туралы үндеу жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Түркияға жиналатын ақша көмек ұйымдарына үкіметтің тұрғын үй, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласындағы қызметтерін жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Түрік халқы айтып жеткізе алмайтын қайғыны бастан өткерді. Мен күйзеліске ұшыраған және күйреген оқиғаларымен бөліскен отбасыларды кездестірдім. Біз оларды қиын уақытта қолдап, қажетті көмек көрсетуіміз керек", - деді БҰҰ бас хатшының орынбасары Мартин Гриффитс.
Түркиядан табиғи апаттан 9 миллионнан аса адам зардап шекті. Ресми дерек бойынша, қайтыс болғандар саны 38 мыңға жетті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген