Түркиядағы зілзаладан 95 сағат өткеннен кейін 7 жасар қыз аман-есен табылды
Хатайда зілзаладан 95 сағат өткеннен кейін көп пәтерлі үйдің қалдықтарының астынан 7 жасар Ася Донмез құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқару бригадасы Хатай провинциясы генерал Шюкрю Канатлы ауданындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Үйіндінің астында тірі адамның бар екенін анықтаған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қызды аман алып шықты.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жіберілді.
Соңғы мәліметке сәйкес, Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты, 72 мыңға жуық адам зардап шекті. Зілзала 6 ақпан күні болды. Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген