Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты жедел желі ашылды 

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты елімізде Қазақстан азаматтары мен олардың туыстарына арналған шұғыл желі ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде +7 7172- 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа, жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады. Барлық келіп түскен ақпарат міндетті түрде қосымша тексеріледі”, - деді Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені хабарланған болатын. 

Бақытнұр Шерикбай
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 16:55