Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы табиғи апатқа қарамастан, 75 мың қазақстандық шетелде саяхаттауда

 

Түркияға саяхаттауды жоспарлап қойған отандастарымыз табиғи апатқа қарамастан сапарға шығуда. Министрліктің өзі билеттерін кері қайтарып жатқандардың жоқтығын айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

түркия

Елімізде Түркияға барып демалатындар саны көп. Туризм саласы қарқынды дамыған өңір қазір табиғи апаттың салдарымен күресуде. Бірақ алдын ала билетін алып, демалуды жоспарлаған азаматтар онда барудан бас тартқан жоқ. Себебі олар Ыстамбұл мен Антальяны таңдайды екен. Зілзала аймағынан алыс шаһарларға қысқы мерзімде барушылар саны азаяды. 

“Бұл бағытта ұшқан туристер жер сілкінісін сезбеген. Оқиғаны ғаламтор арқылы бақылапты. Біз саяхатшылармен байланыстамыз. Ұшуға билет алған азаматтар бұл жағдайға сабырмен қарап демалысқа кетуге әзірленуде”, – деді туристік компания директоры Светлана Жаппаркулова.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдеуінше, Түркияның демалыс орындарына 254 отандасымыз барды. Олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Қазір көп болмағандықтан, Түркияның оңтүстігіндегі қонақ үйлерге панасыз қалған тұрғындарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

“Қазіргі уақытта Түркияның оңтүстігіндегі туроператорлармен келіссөздер жүргізілуде. Маусым әлі басталмағандықтан, баспанасынан айырылған азаматтар уақытша сонда тұрақтайды. Шамамен екі айдың ішінде үйлерін қалпына келтіріп немесе қайтадан салу жұмыстары жүргізілмек”, – деп мәлімдеді Түркияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи.

Түркиядағы демалыс мерзімі мамыр айынан бастау алады. Сол уақытта теңіз жағасында өткізушілер саны да едәуір ұлғаймақ. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше қазір 75 мың отандасымыз бауырлас елде жүр. Оның сегіз мыңнан астамы – студенттер.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 08:57
Талқылау