Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларға ақшалай сыйақы төленеді

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан қазақстандық мамандарға ақшалай сыйақы төленетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

куткарушылар 2

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Министрлік құтқарушылардың тізімі мен барлық қажетті құжаттарды президент әкімшілігіне жібергенін жеткізді.

"Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі өз бюджетінен құтқарушыларға cыйақы төлеуді жоспарлап отыр", – деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске салсақ, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берген еді. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылардың суреттері мен қысқаша өмірбаяндарын жариялады.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 12:35