Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды
Стамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Ясар Коскунды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллион лирадан 3 миллион лираға дейін (35,9 – 71,8 миллион теңге) тұрады. Бірақ, бағаның қымбаттығы сапаға әсер етпеген.
Үйді салған компания екі ағайынды: сәулетші Мехмет Ясар Коскун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчын Коскунға тиесілі. Жер сілкінісі нәтижесінде үйлер құлағаннан кейін ағайынды екеуі де хабарсыз кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.
Бүгін, 10 ақпанда Махмет Ясар Стамбул әуежайында ұсталды. Ол шетелге ұшпақ болған.
Полицияның мәліметінше, оның ағасы Хусейн Ялчин қазір Черногорияда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген