Түркияда үйінді астында қалған отбасы терезеден түсіп қалған телефонның арқасында аман қалды
Түриядағы жойқын жер сілкінісінен кейін отбасы терезеден түсіп қалған телефонның арқасында аман қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында жер сілкінісі кезінде телефон құлап, көшеге түсіп қалған. Кейін шетелдік азамат үйінділер жанында жатқан телефонға тоқтаусыз қоңырау шалынып жатқанын байқаған. Ер адам қоңырауға жауап беріп, отбасының жақындарына үйдің құлағанын мәлімдепті. Мұны естіген туыстары жедел келіп, отбасыны құтқарып қалған.
Ильхам Экиннің сөзінше, жер сілкінісінен кейін жұбайы Сонгуль, қыздары Туба мен Суна және ұлы Мұхаммедпен үйінді астында қалыпты. Ер адамның телефоны терезенің алдында тұрған екен. Алайда жер сілкінісі кезінде терзеден құлап кеткен.
"Біз үшінші қабатта тұратын едік. 18 жастағы ұлым опат болды. Әскери қызметкер болуды армандайтын. Мұндайды Құдай ешкімнің басына бермесін. Үйінді астында қалған әр адамға қуат берсін", – деді ол.
Малатья тұрғынын және оның отбасын алғашқылардың бірі құтқарыпты.
"Барлығымыз жарақат алдық Әйелім мен қызым ауруханадан шықты, ал мен екінші қызыммен бірге әлі ем қабылдап жатырмын. Сол аяғым сынған. Ота жасады, қазір өзімді жақсырақ сезінемін", – деп қосты Ильхам Экин.
Еске салайық, бұған дейін Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жеткенін мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік