Түркияда тағы жер сілкінісі болды: Көз жұмғандар бар (видео)
Түркияның Хатай провинциясында 5,8 және 6,4 балдық екі жер сілкінісі болып, үш адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың мәліметіне сәйкес тағы 213 адам жарақат алған. Қазір құлаған үш ғимараттың үйінділері астында іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
6,4 балдық алғашқы дүмпу жергілікті уақыт бойынша 20:04-те тіркелген. Екіншісі 20:07-де тіркелді, магнитудасы 5,8 балл.
Эпицентрі Дефне мен Самандаг ауданында болған. Біріншісінің жер сілкінісінің тереңдігі 16,7 шақырым, екіншісінікі 7 шақырым.
Жер сілкінісі Сирия, Ливан, Иордания, Ирак, Палестина, Израиль де сезілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген