Түркияда тағы 2 қазақстандық жоғалып кетті
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалған Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және біреуі Түркия азаматы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мируспен бірге оның үш әріптесі де байланысқа шықпай қалды: Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова, Kubilay Keskin", - деп жазды Astana Hub Бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында.
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін Хатай қаласына өзі бара жатыр.
Еске салайық, Түркиядағы зіл-зала кезінде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті.
Талқылау